Сенің қара меңіңде – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Сенің қара меңіңде» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сенің қара меңіңде -
Дүниенің жылуы.
Тамар шәрбат сезімге
Тамшы-нұрдай үзіліп.

Қара тасқа басылған
Дұғасындай пірімнің!
Тумысы үр асылдан,
Періштесі бүгіннің.

Сол қара мең кеудеме
Түсіргендей бір жарық.
Өзімнен һәм өзгеден
Жүр ем ессіз қызғанып.

Қалдым меңсіз, қайтейін,
Бәрі өткінші мен үшін.
Қиялданам жай тегін,
Өзге қиыр өрісім.

...Сенің қара меңің бе? -
Қабірімнен іркіліп,
Дидарыңа көмілген
Топырақтай бір түйір
Екендігін ұмытпа!
Егіз мендік жүрекпен.
Бұйырмайды ол ұлыққа,
Түсірмейді ол түнекке!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенің қара меңіңде өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Сенің қара меңіңде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенің қара меңіңде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенің қара меңіңде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері