Еді онда күн боран – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Еді онда күн боран» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2652
Еді онда күн боран,
Вокзал басы бір дүлей.
Ажал жақын тұр ма оған...
Қалды әкем үндемей.
Ауру жүрек ұрады
Көкірегінде дүрсілдеп.
«Жалғызым!» деп жылады,
Айтады енді кім «сүй» деп!
«Көремін бе сені енді!»
Көзінен жас тұр ыршып.
Поезд жүйтки жөнелді,
Алып ұшып тыпыршып.
Әкем әбден жүдеген,
Кетіп қалған кескіні.
Сәтті сапар тілеген
Соңғы үні естілді.
Қарап едім мен оған,
Терезеге асылып.
Көрсетпейді күн боран,
Қарлы құйын жасырып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еді онда күн боран өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Еді онда күн боран өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еді онда күн боран өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еді онда күн боран өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері