Қоңыр көлеңке – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Қоңыр көлеңке» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сен қайдасың, қоңыр көлеңке?
Ояу жүрсем де түс көргендей
Сені сағынам.
Кәрі еменнен саулаған жапырақты иіскеймін,
Бірін бірі шимайлаған
жолдардың өткелінде тұрып.
Қаңыраған көшелерді жалғыз кеземін
Иен аралдай көкірегім құлазып,
Әлі жаттамаған дұғаларды күбірлеймін.
Ашқылтым түс көріп ұйқымнан оянсам,
Ойымнан әлдебір әуен сарыны кетпейді –
Жорылмаған түсім секілді,
Болжанбаған сағынышқа шомамын.

Мүлгіген бақта мұңлы әуенді ыңылдап,
Мен иіскеген жапырақты
маңдайыңа басып,
Көлеңкеңнен көлеңке өрбіп,
Мен кешпеген өзендерді кешіп,
Мен жаттамаған дұғаларды күбірлеп,
Сен қайда жүрсің, қоңыр көлеңке?!

***

Көкірегімнен ұзақ жылдар бұрын ұшып кеткен бір құс,
Аппақ құс,
Ұясына қайта қона алмай жүр...
Тек шырылдаған дауысын естимін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоңыр көлеңке өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Қоңыр көлеңке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоңыр көлеңке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоңыр көлеңке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері