Жаза
Бұл бетте «Жаза» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен көшенің арғы бетінен қол бұлғадың,
Мен машиналар ағынынан сескендім.
Сен құз жартастар арасында ән салайық дедің,
Мен жаңғырықтан қаштым...
Сенің ақ нөсердің астында билегің келді,
Мен шөп күркеме тығылдым.
Сен түпсіз дарияға сүңгиік дедің,
Мен тұңғиықтан шошыдым.
Сен толқын шайқаған қайықпен алысқа кеттің...
Мен үнсіздікті құшақтап жағада қалдым!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі