Менің мағынасыз сұрақтарым – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Менің мағынасыз сұрақтарым» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

...Алғаш Күнес өзенінің жағасында отырып неге шылым шектім?
Не үшін шектім? Есімде жоқ.
Шылымды құшырлана сорып,
өзен иіріміне ұзақ телміргенде кім туралы ойладым екен?
Қара ит ұлып жұртта қалғанда неге сонша боздадым?
Содан бері көзімнен неге бір тамшы жас шықпады?
Неге әкем мінген қара аттың оқыранғаны түсіме жиі енеді?
Туған жер туралы сөз етуді неге ұнатпаймын?...
Бағдаршамнан өтерде неге Өмір туралы ойлаймын?
«Мен осы ғашық болып көрдім бе?»
Осы сұрақ неге көкейімнен кетпейді?
Неге, не үшін ғашық болу туралы сөз етіп отырмын?
Түсінбеймін. Бәлкім, есім ауыса бастаған болар?
Үрей басқан Алматыны жүрегім неге жатырқай береді?
Қазірде шылым шегудемін.
Түтін көкірегімде қалықтап барады.
О, не туралы ойласам екен?
Кімді сағынсам екен?..
Кімге табынсам екен?..
Азан дауысын естімегеніме қанша уақыт болды?
Шіркеу қоңырауының қаңғырлаған үнін де ұмытқалы қай заман?
Дәл осы шақта монахтар бұтханаларында шарт жүгініп,
Ғибадат бәйіттерін оқып отырған болар?
Молдалар мен пірәдарлар есен шығар?..
Олар мен үшін дұға жасар ма екен?..
Оларға менен дұғай сәлем жолдаңыз!..
Бағдаршамға телміріп, көшелерді кесіп өтерде...
Неге Өлім туралы ойлай берем?!..
Мені неге «Мен» ұмытып кетті?..
Оған да дұғай сәлем жолдағайсыз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің мағынасыз сұрақтарым өлеңінің авторы кім?

Тоқтарәлі Таңжарық — осы өлеңнің авторы.

Менің мағынасыз сұрақтарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің мағынасыз сұрақтарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тоқтарәлі Таңжарық өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің мағынасыз сұрақтарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері