Құстарды ешкім күтпейді – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Құстарды ешкім күтпейді» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Құстұмауынан әлемде 89 адам қайтыс болды.
Газеттен

Отаны оған бағалы
Орманы оған бағалы.
Құс адамнан ақылды,
Құс адамнан саналы.
Жүрегі оның жаралы,
Жүрегі оның қаралы.
Туған жері де, өйткені.
Жерініп теріс қарады.
Ашылып кетті араны,
Құсқа да жала жабады.
Адамдар ғана осындай,
Опасыз бола алады.
Қоштасып айдын сауықпен ,
Құстарға неге жауықты ел?
Ендіктер мен бойлықтар,
Қарайды көкке қауіппен.
“Әлемге қетер төнді ме?
Құс адамзатты жеңді ме?” -
Теледидар мен тораптар,
Айтатын басты әңгіме.
Сылдыр да сылдыр тиындар
Санады өңкей жиындар.
Дөңгелек үстел өткізді
Халықаралық ұйымдар.
Базары құстың тарқады,
Базары құстың тарқады.
Құдайдан қорықпайтындар
Құстардан бүгін қорқады!
Жетпеді атом бомбасы,
Қаруға толы қоймасы.
Дүние сені жұтудың,
Табылды жаңа айласы.
Жау жүр ме, Ұлы қоныста,
Құстар-ау, құстар болыспа.
Килікті әлем сендермен,
Бактериологиялық соғысқа.
Ауруды қолдан жасаған,
Дей алман сені – Есалаң.
Көз жас үшін құстардың
Ей, Заман, сенен өш алам!
Жатсынды құсты жерұйық.
Жатсынды құсты жерұйық.
Әлемнің барлық елінде
Құстардың криматориі.
Самғайды құстар, самғайды,
Жат жерге мүлде қонбайды.
Туған жерінде оларды,
Енді ешкім қарсы алмайды.
Тауларда ғана қыс қалды,
Тауларда ғана қыс қалды.
Көктемді бәрі күткенмен,
Күтпейді ешкім құстарды!
...Бүршігін жарды мұңды өлең,
Бүршігін жарды мұңды өлең.
Көк көйлек киген көктеммін,
Құстарсыз қалай күн көрем?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құстарды ешкім күтпейді өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Құстарды ешкім күтпейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құстарды ешкім күтпейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құстарды ешкім күтпейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері