Жылдарға ұшып барам мен – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жылдарға ұшып барам мен» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жылдарға ұшып барам мен,
Қатігез мына заманмен,
Күркіреп жатқан көкейде
Бір емес, мың-мың сауалмен.
Жылдарға ұшып барам мен,
Көктемдер, сені санаумен.
Арпалыстар мен ашуды
Жүрегім, саған қамаумен.
Жылдарға ұшып барам мен,
Шамдары жанған ғаламмен,
Алматым, Алатауыммен,
Азаттық келген алаңмен.
Жылдарға ұшып барам мен,
Адаммен, көп-көп адаммен.
О, менің әппақ жүрегім,
Сендегі титтей алаумен.
Жылдарға ұшып барам мен,
Жердегі барлық алаңмен,
Жұбатқан мұңды даланы
Қолдағы қайран қаламмен.
Қолдағы қайран қаламмен
Жылдарға ұшып барам мен!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылдарға ұшып барам мен өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Жылдарға ұшып барам мен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылдарға ұшып барам мен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылдарға ұшып барам мен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері