Мені үнсіз ұғынатын мұңдасым – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Мені үнсіз ұғынатын мұңдасым» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мені үнсіз ұғынатын мұңдасым,
Мені үнсіз ұғынатын сырласым,
Қаламымнан өлең болып төгілген
Аманбысың, құрдасым?!
Жылдар, жылдар ағады ма
Жайықтай,
Жалғандықтан, жалғандықтан айықпай.
Сенің таза пейіліңе заманның
Сотқарлығы лайық па-ай?
Арашалар арамдықтан, тордан да,
Бақыт құсы ақылсызға қонған ба,
Күресе алмас құр кеуденің, айтшы сен,
Тіршілігі оңған ба?!
Дау айтпадым. Дауа іздедім.
Сезілді
Адамзаттың сүйетіні өзіңді.
Ессіздікке есі кеткен ендеше
Жұма көрме көзіңді!
Адамдардың адалдығын тілегін,
Бүгін — барсың,
ертең — жоқсың. Білемін.
Жығылуға болмайтынын әзірге
Ұмытпашы, Жүрегім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мені үнсіз ұғынатын мұңдасым өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Мені үнсіз ұғынатын мұңдасым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мені үнсіз ұғынатын мұңдасым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мені үнсіз ұғынатын мұңдасым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері