Заңы ма тіршіліктің – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Заңы ма тіршіліктің» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Заңы ма тіршіліктің,
Маған бұл ұнамайды:
Адамдар жүрегінен –
Жағдайын сұрамайды.
Кешірем білместікті
Сылтауы үнемі көп.
Сеземін кей адамның
Бәрібір жүрегі жоқ.
Қаталдық, қатігездік...
Жердегі түнек – сіздер.
Тірліктің тас-талқанын
Шығарған жүрексіздер.
Үлпілдек жаным менің,
Түспеші, әбігерге,
Жердегі бұл ауруды
Жазбайды дәрігер де.
Адамның ақылының
“асқаны” - мұңды-ы-ы сурет!
О, мендік титтәй жүрек
Шаншыды тұңғыш рет.
Ізгілік,
жер бетінде -
барсың сен. Сезіп тұрмын.
Қатігез дүниеге
Әзірше төзіп тұрмын..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заңы ма тіршіліктің өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Заңы ма тіршіліктің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заңы ма тіршіліктің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заңы ма тіршіліктің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері