Өмір, өмір, асауым, күлкің қайда – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Өмір, өмір, асауым, күлкің қайда» атты Мақпал Жұмабай жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмір, өмір, асауым, күлкің қайда,
62 тамырда бүлкіл қайда?
Айнакөлді айналып аққу болып
Жұдырықтай жүрегім бұлқынбай ма?
Қалықтайды заңғарға, қыран шыңға,
Мына күннің қабағын ұға алдың ба?
Ешкімнен жеңілместей болып жүрген
Жалғандықпен күресіп жыға алдың ба?
Үкісі үлпілдеген үміттердің.
Мен сенің жанарыңнан күдік көрдім.
Қасында бақытыңның қасқайсаң да,
Басында жүрмегейсің бүліктердің.
Сен өзің жанардағы мұңды ұқтың ба?
Бағасы арзандады-ау шындықтың да!
Ешқашан мен түсінбес, ол түсінбес,
Иесі болады екен сұмдықтың да.
Баласың ба, сен өзің, данасың ба,
Жоқ, әлде, жазылмайтын жарасың ба?
Неге осы ізгілік пен жақсылықтар
Көп емес адамдардың санасында.
Бір-бірінде қалғандай берешегі
Адамдар адамдармен егеседі.
...Жек көру қолымнан түк келер емес,
Өмір-ай, жақсы көрем неге сені?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір, өмір, асауым, күлкің қайда өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Өмір, өмір, асауым, күлкің қайда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір, өмір, асауым, күлкің қайда өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір, өмір, асауым, күлкің қайда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері