Түнеру тауға жарасқан – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Түнеру тауға жарасқан» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Түнеру тауға жарасқан...
Мүлгіме мүлдем, мүлгіме!
Менде, әлем, саған айтатын
Көл-көсір әлі әңгіме.
Көк-ала күндер қасыңнан
Зу етіп өтті, не шара?
Адамдар кейде ақылды,
Адамдар кейде бейшара!
Орманбыз, теңіз, қорғанбыз,
Бәріміз түгел - ойлымыз.
Ендеше, неге тым аздау
Айтамыз өмір жайлы біз?
Көңілге, күллі өңірге...
Көктемдер орнамайтындай,
Олар да, сен де, барлығы
Жүрегін тындамайтындай.
Далада неге алаң бар?
Құлазымаңдар, өтінем.
Жақсылық қана іздейік
Дөңгелек жердің бетінен!
Жамандық ойлағандарды
Қатарға мүлде қоспаймын.
Солардың күні біткенде
Мен өмір сүре бастаймын,
Мен өмір сүре бастаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнеру тауға жарасқан өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Түнеру тауға жарасқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнеру тауға жарасқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнеру тауға жарасқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері