Тамыз ауғанда қараша күзге – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Тамыз ауғанда қараша күзге» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тамыз ауғанда қараша күзге
Бар еді барлық тамаша бізде.
Қарлығаш апай сабақтан қашқан
Сұрайтын еді араша бізге.
Лала гүл басты қыратты тағы,
Бұлықсып шықты бұлақтың әні.
Парталас досым келмеске кетті
Бұрымнан тартып жылатты-дағы.
Ерке күндердің елесін салдым.
Етегіме жақты бояуын шалғын.
Ертегілерге сенетін сол бір,
Есімде қапты балалық балғын.
Дақ түсірмедік өр сезімге біз,
Ұядан ұштық, ел шебіндеміз.
Үлпілдеп тұр ғой үкілі сезім
Себебі, біздер он сегіздеміз.
Заңғардың сездім айбыны барын,
Аққудың сездім айдыны барын.
Қарлы құйынмен бетпе-бет келіп,
Аңғарып қалдым қайғының барын.
Сезімнің тұнық аспанын кезіп,
Жаныма бүлік тастады сезік.
Мен саған қарай жүгірем,Бақыт,
Ана көзінде жас барын сезіп.
Бекер-ай, бекер
егіліпті арман,
Кірпіктен бар шық төгіліп қалған.
Мүсіркеп кеттім қайғыларымды
Қуаныштарымнан жеңіліп қалған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамыз ауғанда қараша күзге өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Тамыз ауғанда қараша күзге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамыз ауғанда қараша күзге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамыз ауғанда қараша күзге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері