Өтегенім-ай, ақ жауын жауды сілкін бір – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Өтегенім-ай, ақ жауын жауды сілкін бір» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өтегенім-ай, ақ жауын жауды сілкін бір,
Өрмелеп кетем кемпірқосаққа мүмкін бір.
Мұңайып тұрған мұржаларды да ұнаттым,
Көшелеріңде, өйткені менің күлкім жүр!
...Үлбіреп қана үйеңкілерім әлі тұр,
Айтатын сынды жапырақтардың бәрі сыр.
Жапырақ терген балалық шаққа неге осы
Таусылар емес сағыныштарым бәрібір?!
Есейгім келмей, есейгім келмей жылда мен,
Тұншығар ма екем жүрегімдегі мұңға мен.
Бірге ұшып кеткім келеді айхай, арман-ай,
Қаз-қатар ұшқан, қаз-қатар ұшқан тырнамен!
Сұрақ көп менде. Ай бетінде де көп сұрақ,
Сұрақты қайтем? Керегі маған от-шырақ.
Бақытты күндер — көл-көсір, ана, көл-көсір,
Бақытты өмір, бақытты өмір жоқ бірақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өтегенім-ай, ақ жауын жауды сілкін бір өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Өтегенім-ай, ақ жауын жауды сілкін бір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өтегенім-ай, ақ жауын жауды сілкін бір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өтегенім-ай, ақ жауын жауды сілкін бір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері