Арманым менің шыңдарда – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Арманым менің шыңдарда» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Арманым менің шыңдарда,
Әзірге жүрмін қырларда.
Сол жерде барлық бақытым,
Сол жолда барлық мұңдар да.
Түн кетті. Келді күн аңғал.
Аңқайып қана тұр аңғар.
Мәз-мәйрам тек бір баяғы
Алматыдағы сығандар.
Әлемде әккі мың қайғы
Мың қайғы бар-ау сырнайлы.
Білесіңдер ме, жанардың
жарқылдамауы – шын қайғы.
Шомылғым келді шалғынға,
Қанаттарым-ай, талдың ба?
Қуанып кетем, арайлар,
Өзіңнің ғана алдыңда!
Жүрегімнен сең жырды ырғап,
Ағады мың-мың сырлы ырғақ,
Қонақтап қалды көзіме
Сұлу іңірлер мызғыр шақ.
Кімдерді білдім, кімдерді...
Сүйемін ессіз күндерді.
Мен іздеп келем, жан ана,
Сен айтқан еңлік гүлдерді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арманым менің шыңдарда өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Арманым менің шыңдарда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арманым менің шыңдарда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арманым менің шыңдарда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері