Тауларға да, таңға да – толып алаң – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Тауларға да, таңға да – толып алаң» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тауларға да, таңға да – толып алаң
Жан таптырмай қойды ғой жаным маған.
Мені ләйліп, өмір-ей, жүр деп пе едің,
Іздеп келем жырымды жазылмаған!

Көрсетпегін өңкей бір мәймөңкені,
Себебі, жыл, күндер де – жәй ертегі.
Елегізіп таңдарда атып тұрам,
Менсіз бастап кетердей жәрмеңкені.
Ғашық болдым, нөсерлі сұлу таңға,
Нөсерлі таң, жанымның жыры қайда?
Батырашты жеңем мен арманымды
Жібергісі келмейтін Ұлы тауға.
Сонда мүмкін алаңсыз күлемін мен,
Жақсы көріп жанымды күле білген.
Қарап тұрам мүмкін мен
Ұлы таудан
Жанарларға... жеңімпаз жүрегіммен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тауларға да, таңға да – толып алаң өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Тауларға да, таңға да – толып алаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тауларға да, таңға да – толып алаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тауларға да, таңға да – толып алаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері