Сәлеметсің бе? – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Сәлеметсің бе?» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бағыну, әлде, керек пе?
Жапырақ жауды биыл да.
Сәлеметсің бе, жүрекке
Жымиып кірген жиырма
Ойландым. Небір ой кештім.
Есейіп қаппын. О, тоба
Көбелек қуып шалдыққан
Балалығым жүр жотада!
Шығарып салу – салтым ед.
Маза жоқ менде кешелі
Сол құстар енді мен жаққа
Қарайламастан кетеді.
Бұл емес мұңның үлкені:
Үміттеріңді жалғаймын,
Сонда да сенің, жылдарым,
Соңыңнан қала алмаймын!
Қайтсең де, өмір, қайсармын,
Батырмын, нағыз батырмын,
Жиырма жыл бойы, себебі,
Сары ала таңды атырдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлеметсің бе? өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Сәлеметсің бе? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлеметсің бе? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлеметсің бе? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері