Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке,
Алдауға, өмір, алдауға мені ерте.
Асау күндерім, алдыма келім құла,
Өртесең мені махаббатыңмен өрте!
Сені іздеп жүрмін жаныма тыным бермей,
Сен қайда жүрсің барымды менің сезбей?
Бақыт-ей, Бақыт шанақты шақтарымда
Қалдым ба, әлде, өзім де сені көрмей.
Таңдардан теріп келемін мың-мың жақұт.
Адаспайды түк соқпақтарынан УАҚЫТ.
Өзіңмен әбден бұғынбақ ойнап біттім,
Енді өзің мені тауып ала ғой, БАҚЫТ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері