Білесің бе? – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Білесің бе?» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Білесің бе, жұлдыздарсыз
Аспан мүлде аспан емес,
Ай менен Күн бірін-бірі
Жалынсаң да тосқан емес.
Білесің бе, сүйрер қайда
Тағдырыңның бұралаңы.
Кезіп-кезіп жер мен көкті ол
Туған үйге оралады.
Білесің бе, сағынышсыз
Мұңдарыңның мұң емесін.
Егер шындап сүйе алмасаң
Өмірдің де шын емесін.
Білесің бе, ауырлығын
Үміттерді арқалаудың.
Басыңдағы қайғы екенін
Бақытыңды байқамаудың.
Бақыттылық өз қолыңда,
Мұңсыз көзге мұң тұна ма?
Дүниені бар ғып тұрған
Күн және де күлкі ғана!
Білесің бе, Күн шығады,
Ұясына кіру үшін.
Адам ғана күреседі
Бақытты өмір сүру үшін!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білесің бе? өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Білесің бе? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білесің бе? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білесің бе? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері