Махаббат келді маған да – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Махаббат келді маған да» атты Мақпал Жұмабай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Махаббат келді маған да,
Қарсы тұрмадым, себебі
Мендегі ерке жүректі
Сезімдер ғана жеңеді.
Күмбір де күмбір даламда
Махаббат жайлы бар аңыз.
Сол аңыздардың жалына
Жабысып алдық жаңа біз.
Көктемедегі нөсермін,
Жыр болып жерге тамамын.
Өмірді өле сүюші ем
Сені де сүйе аламын.
Сағыныштармын сап-сары...
Лүпілдеп тұрған жүрекпін.
Білемін саған қымбатпын,
Білемін саған керекпін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат келді маған да өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Махаббат келді маған да өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат келді маған да өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат келді маған да өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері