Жеңісім – тірі жүргенім – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Жеңісім – тірі жүргенім» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жеңісім – тірі жүргенім,
Мұңайғаным мен күлгенім,
Тірлікті ессіз сүю де –
Ерлік екенін білгенім.
Шаттығым – таң мен кештерім,
Жанғаным кейде өшкенім.
Өлең боп өкпелегенім,
Өлең боп өмір кешкенім.
Бақытым – адам болғаным,
Қуанып кейде тоңғаным.
...Көк ала күндер ішінен
Өзіңді таба алғаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңісім – тірі жүргенім өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Жеңісім – тірі жүргенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңісім – тірі жүргенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңісім – тірі жүргенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері