Сел-семей сезім барын – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Сел-семей сезім барын» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сел-семей сезім барын
Сезіне білу – бақыт.
Мен сені аялаймын
Сол үшін, ұлы уақыт.
Сағаттар Сыр боп аққан,
Сендік іс – елдестіру.
О, сенің мұратың ба ед,
Біздерді кездестіру.
Сен маған неге ыстықсың,
Сезімнің тұнығы ма?
Жердегі барлық жүрек
Іздейді жылы ұя.
Аспанды, мұхиттарды,
Кеземін сахараны,
Өйткені, жолдың бәрі
Өзіңе апарады.
Күлкім мен еркелігім,
Менікі – сол ұғымдар.
Бір-бірін іздегендер
Тезірек жолығыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сел-семей сезім барын өлеңінің авторы кім?

Мақпал Жұмабай — осы өлеңнің авторы.

Сел-семей сезім барын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сел-семей сезім барын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақпал Жұмабай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сел-семей сезім барын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері