Көктемінен үй жасадым көрікті – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Көктемінен үй жасадым көрікті» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алыс шалғай, бір баурайда ержетіп,
Жел тілімен жүрегімді емдетіп.
Жұлдыз біткен жиылатын түндікке,
«Алматы» деп сыбырлайтын әндетіп.

Қала жақтан қарағандай арманым,
Есеюге соншар құмар болғаным…
Жолдың бәрі жылы емесін кеш ұқтым,
Балалығым құмда сіңіп қалғанын.

Жарты жолда, бұрылуға тепсініп,
Сүлейлердей сөйлеп тұрсам от шығып!
Қобыз үні естілер деп жырымнан,
Бара жаттым, артқы күнді жатсынып!

Жетімдердің анасы деп сезіндім,
Буланатын сүрткім келді көзін-мұң.
Құйттай ғана жүрегімде кенеттен,
Көтерілген тауды көріп көз ілдім!

Ұйықтамайтын, шаршамайтын қаланың,
Гүлін иіскеп, түнін сүйді табаным.
Тау басынан қарды көрдім, кіршіксіз,
Мен де ол кез қарға ұқсас «баламын».

Көшелерде жүз адастым жаңылып,
Тірімін ғой, аялады әр үміт.
Ұзын жолдар әжем сүрген ғұмырдай,
Жүргім келді бір адамды сағынып…

Қайыңдары мінезіндей халқының,
Сыр білдірмей сызылады, жарқыным.
Жауын болып жауа салар бір демде,
Аспанынан алғым келді жарты-мұң.

Көктемінен үй жасадым көрікті,
Арманымды әу бастан-ақ ұғыпты!
Менің жаным, дәл қай жылы белгісіз,
Сөйлегеннен осында өмір сүріпті!

Қара жерде ашқандай бір құшағын,
Бөпемді де кеудеме мың қысамын.
Көгершін де жатсынбайды бұл жақта,
Құстарын да жауратпаған құса-мұң.

Жүздерінен гүл көрінген қанаты,
Өмір деген, өлең деген бар аты.
Құстар – біздің айта
алмайтын үніміз,
Соғылғанша жарық дүние сағаты.
Талмен, таумен дос болам деп ұшқаным,
Күннің өзін алақанда ұстадым.
Гүлдің өзін өссін дедім жайқалып,
Қардың өзін жібігенше баспадым.

Дәл осылай Жерге мейір төккенім,
Дәл осылай тап-таза боп өпкенім!
Болды ма деп, қалдым ба деп жазалы…
Оным үшін Алматыны сөкпедім!

Құшқанымнан, сүйгенімнен, қоштасып,
Алатауға қайғым кетті астасып.
Астанаға көз тікпеймін мен қазір,
Кеңсай жақпен кеттім биыл достасып.

Ұлым жатқан мазарында өлеңім,
Ұлым жүрген жолды сүйіп келемін.
Дәл сол үшін Алматыны сөкпедім,
Алматы да білмей қалды… өлерін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемінен үй жасадым көрікті өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Көктемінен үй жасадым көрікті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемінен үй жасадым көрікті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемінен үй жасадым көрікті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері