Үкім – Нарқұлан Райханұлы

Бұл бетте «Үкім» атты Нарқұлан Райханұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жердің миынан өткен,
Ақжауын...
Нөсер боп төгіліп судырап,
Күй болып шертіліп,
Шайтандай шаштары дудырап,
Басқан іздерің мөр болып кертіліп,
Қалады бір күні осылай...
Аспаннан төгілген моншақ жас,
Тамшылап сіңеді топырақ бетіне.
Біздегі жаңбырға қаңтар мас,
Жердің тас байланған өтіне.
Енді ол сіз жайлы айта алмас,
Себебі кездесу сағат жетіде.
Ауада адамдар демдері қалықтап,
Мешкей бұлт тоймайды түтінге.
Олар дәл бүгін жолықпақ,
Серттесіп нүктемен үтірге.
Біз болсақ соларға сеніп қап,
Қол қойдық үкімге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері