Мені Сізге тағы да апармады – Гүлнар Салықбай

Бұл бетте «Мені Сізге тағы да апармады» атты Гүлнар Салықбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1159
Мені Сізге тағы да апармады
жаны майға тәуелді міскін көлік.
Кең сарайдан кем емес шаһардағы
Түрмеңізге асығам түскім келіп...

Қабыл алып Қиялдың ұсынысын,
Сұлу сорым қайтадан гүл құшқандай,
Торы ғажап Түрмеге түсу үшін,
Құдайым-ау, жасайын қылмыс қандай?!

Айыға алмай Арманның түр-түсінен,
Алға басқан адымым кетті кейін.
Соттайтын жан табылар жұрт ішінен,
«Ақтамасын мені ешкім», – деп тілейін.

Аз ғұмырын азапқа шегелейтін
Азаматқа асқақтық, өрлік көрік.
Түрлі-түсті қызыққа бөлемейтін
түрмеңізде өлер ме ем қорлық көріп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері