Бұл бетте «Шық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
3715
Жерге ырғып түсті де,
Жабысты гүл үстіне.
Жұтып таңғы ауаны
Жан-жағына қарады.
Желмен шашын тарайды,
Қызғалдақтар желбіреп.
Жасқанып шық қарайды,
Жаудыр көзі мөлдіреп.
Барлық көздер қалғыған,
Ерте тұрған тіпті өзі.
Күн шығуын аңдыған,
Жылтырайды шық көзі.
1957
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі