Сағынуға неге сонша құштармын – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Сағынуға неге сонша құштармын» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағынуға неге сонша құштармын,
Құшағымнан саған қарай ұшқан-мұң.

Күрсінемін күліп тұрып неліктен,
Жалғаныңа жылау шін келіп пе ем?

Мұңаямын сәл нәрсеге күрмеліп,
Әр таң сайын, сен тұрсаң ғой гүл беріп!

Жанарымда жауабы жоқ сұрақтар,
Жолдарымда жасырынған сынақ бар!

Әйел едім, әлемім бар әдемі,
Көзі барлар кызғанбай-ақ көреді!

Көйлегімнің ес ұрламай етегі,
Анғал болып, еркелегім келеді.

Еркелете қояр ме екен, ай кайдам,
Тағдыр тағы салып өтер маңдайдан!

Жер айтады жанбай жатып сөнбе деп,
Бара жатыр дала-ғұмыр дөңгелеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағынуға неге сонша құштармын өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Сағынуға неге сонша құштармын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағынуға неге сонша құштармын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағынуға неге сонша құштармын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері