Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның? – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның?» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның?
Көктен биiк ұмыттық-ау Хақ барын!
Мақтан деген тiршiлiктiң талқаны,
Қара нанды еңбегіңмен тапқанын.

Не тәйiрi, бақ болып па байлығың?
Қанша сағат, қанша қалды ай-күнің?
Құдай дейміз жалынамыз имансыз,
жолымызға жайғасқанда қайғы-мұң.

Пенделерге алдамшы-ғып арманды,
арманменен ардың жолы таңдалды!
Қара жердің мезгiл шешер көйлегiн,
мәңгiлікке жүрегінде кім қалды?...

Күңгiрт кешке көз жасыңды төкпешi,
Күлiмде де Күнге қарай беттешi!
Тарам-тарам тағдырлар бар жазулы,
Барінің де болар бірақ, нүктесі!

Біз жүрейік нүктелерді сөйлетіп,
Жанардағы мұңның өзін билетіп,
Адалдықты кірлетпейік күбірмен,
Адамдықты жібермейік күйретіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның? өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не тәйiрi, бақ болып па мақтаның? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері