Хабарсыз қалғаның не қамықтырып – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Хабарсыз қалғаның не қамықтырып» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Хабарсыз қалғаның не қамықтырып,
Жанымды жіберсеңші Жарық қылып.
Сен мені жалғыздықпен жазалайсың,
Күйімді көлеңкеде бағып тұрып.

Хабарсыз қалғаның не тiршiлiгiм?
мен әлі күтіп жүрмін білші күнім.
Қандай қиын, гүлдердің қурағаны,
Қандай жақсы, естіген гүл сыбырын!

Хабарсыз қалғаның не аңсағаным,
күндерді сенсіз қалай тауса аламын?
Өн бойыңды өлең боп жылытайын,
Көктемде Күн астында тоңса жаның.... ...

Сағаттар жылжып жатыр үндемедің,
'менсіз-ақ бақытты боп жүр' демегін.
Өртенуге жаралған өмір мынау,
Сағынуға жаралған түн дегенің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хабарсыз қалғаның не қамықтырып өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Хабарсыз қалғаның не қамықтырып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хабарсыз қалғаның не қамықтырып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хабарсыз қалғаның не қамықтырып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері