Қарашығым – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Қарашығым» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарашығым,
Өзіңдей табар ма екем, жан асылын?
Жерден ұзап жүрміз-ау, қол ұстасып,
Көңілдің жасап алып жарасымын.

Көгершінім,
Қазір келіп, кейпімді көремісің?
Әдемі елесіңе жан бітіріп,
Секунд сайын сүйем ғой сенемісің?

Өлеңімсің,
Есігімнен күн болып енемісің?
Мен саған шумақ болсам шұғылалы,
Сен менің шабытым боп келемісің?

Бәйтерегім,
Сабырыңа жинайсың ой тереңін...
Жырым болып қонасың дәптеріме,
Жарың болып жаралсам қайтер едім???


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарашығым өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Қарашығым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарашығым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарашығым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері