Қарашығым
Бұл бетте «Қарашығым» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарашығым,
Өзіңдей табар ма екем, жан асылын?
Жерден ұзап жүрміз-ау, қол ұстасып,
Көңілдің жасап алып жарасымын.
Көгершінім,
Қазір келіп, кейпімді көремісің?
Әдемі елесіңе жан бітіріп,
Секунд сайын сүйем ғой сенемісің?
Өлеңімсің,
Есігімнен күн болып енемісің?
Мен саған шумақ болсам шұғылалы,
Сен менің шабытым боп келемісің?
Бәйтерегім,
Сабырыңа жинайсың ой тереңін...
Жырым болып қонасың дәптеріме,
Жарың болып жаралсам қайтер едім???
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі