Астана төгіп тұр нөсерін – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Астана төгіп тұр нөсерін» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Астана төгіп тұр нөсерін,
Жанымды жерге кеп төседім.
Жауын боп жібергім келмей тұр,
Бұлт болып іздедім неше күн...

Тек сені сағынған мен едім,
Назымды алаңсыз төгемін.
Мен кетіп барамын баянсыз,
Сен енді сұрама себебін.

Жанарын талдырып Есілдің,
Күттірген кештерді өшірдім.
Мен сүйіп қалған соң қайтейін,
Өзімшіл боп алдым кешіргін.

Сенсіз де сөнбес бұл шырағым,
Сабыр боп несіне сынадың?
Сүюде болмайды шекара,
Қоштасу арасы бір адым....

Астана қарайды тұнжырап,
Бір күліп алады бір жылап.
Гүлдер де аңсатар иiсiн,
Дәл мендей сүйеді кім бірақ?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астана төгіп тұр нөсерін өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Астана төгіп тұр нөсерін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астана төгіп тұр нөсерін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астана төгіп тұр нөсерін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері