Туған жердің салқын тартқан құшағы – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Туған жердің салқын тартқан құшағы» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туған жердің салқын тартқан құшағы,
Жат көре ме баласын?
Таныс аула табанымды құшады,
Жасыра алмай наласын.

Ауыл-сырқат түксиеді, түнеріп,
Шұрқ-тесік шапанына оранып.
Жан дүнием әлди-әуен тіленіп,
Қайтып барам тоналып.

Құрты қайнап пісілетін күбісі,
Берекесі безген екен үйімнен.
Анамның да баяулапты жүрісі,
Демін әзер алады екі иінінен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жердің салқын тартқан құшағы өлеңінің авторы кім?

Динара Мәлікова — осы өлеңнің авторы.

Туған жердің салқын тартқан құшағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жердің салқын тартқан құшағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Динара Мәлікова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған жердің салқын тартқан құшағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері