Бұл бетте «Түнгі клуб» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түнгі клубтың желге ашылып етегі,
Желбең-желбең етеді!
«Мен де,
Әншейін...
Кіріп-шықсам нетеді?!» -
Жә!
Жетеді!
Жетеді!
Құпия-өмір жалаңаштанып қарады,
Тылсымына тәнті етіп!
Әйел – арым жанышталып барады,
Бура саны жарқ етіп!
Аңға айналып адамзаттың баласы,
Жемтігіне қарайтындай тамсанып.
Хайуандықтың харам тұнған қаласы,
Жатсынбайды – қарсы алып!
Күң пұлдайтын, құл сататын базары,
Тазалықтан жерінген!
Түнгі клуб өлген тәндер мазары,
Тозағына телінген!
Безінбейтін, сезінбейтін соқырлар,
Ластығыңа түкірдім!
...Кірмей,
Кетіп қалуыма –
Хақым бар,
Шүкір?!
Шүкір?!
Мен –
Әзірге шүкірмін!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі