Кіріпігіңнен күн күледі, ақылдым
Бұл бетте «Кіріпігіңнен күн күледі, ақылдым» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кіріпігіңнен күн күледі, ақылдым,
Ерініңе емірентіп барасың.
Саусағыңның сиқырына сатылдым,
Жүрегімнің жазып берші жарасын!
Алақаныңа алданады арманым,
Төзімім кеп құшағыңа құлайды.
Тынысыңнан тылсымыңды жалғадым,
Жүрегімде бір нәресте жылайды.
Жылағанын есітіп тұрды жүрегің,
Көздеріңді жұмып алып тыңдадың.
Мұңдарымды мазақ етіп күлемін,
Өксігіңде ұғасың ба, сыр барын?!
Әр әйелдің жүрегіне түнеген,
Нәресте бар тағдырына таразы.
Сол сәбидің жыламауын тілегем,
Бірақ, қазір әміріме наразы!
Қарашығымнан қиялым боп қиялдың,
Теріс қарап, от құшақты аңсадың.
Нәрестемнің пәктігіне сиындым,
Сүйіп тұрып, сүйілмеуден шаршадым.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі