Өлең қалып барады жолдарымда
Бұл бетте «Өлең қалып барады жолдарымда» атты Динара Мәлікова жазған поэзия туралы өлең берілген.
Өлең қалып барады жолдарымда,
Өмір кетіп барады арманымда.
Бір-ақ күнде бақытты бола салдым,
сол бір жанға ғашык боп қалғанымда.
Жұлдыз құлап барады аспанымда,
Сезім бұлай сөнбейді қас-қағымда!
Сен тұрсың, «келдім ғой» деп, «сәл кешігіп»,
жүрегімнің есігін ашқанымда.
Күндер өтіп барады кірпігімде,
түнім жылап тұрады түндігімде.
Тыншымаған жаныңды тығып қойып,
сабырлықтың салмағы көндігуде!
Қиял күліп қарайды миығынан,
төгілген сезімімді жиып алам.
Тәп-тәтті сағынышқа сыр ашам деп,
байқамай жүрегіме кұйып алам!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі