Сұлукөл – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сұлукөл» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2809
Көрінген інжу-маржан түбіндегі,
Арқаның шар айнадай Сұлукөлі.
Қызғанып қызғыш байғұс шыр айналып,
Құшақтап сүйген шығар бұрын сені.
Көп жайды кейінгіге ұғындырған,
Келесің көне ертектей бұрынғыдан.
Жаутаңдап жас құралай шаңқай түсте,
Еңкейіп ішкен шығар тұнығыңнан.
Қырыңда қасқыр аулап қақпан құрып,
Қыранын томағалы баптандырып.
Селт етіп сері жаны әлде біреу,
Жағаңда жатқан болар ат шалдырып.
Ол да емес, ойлағаным менің бірақ,
Суылдап сыр ұрлама селдір құрақ.
Сұлудың көз жасынан құралды ма,
Әуелде таудан шығып мөлдір бұлақ.
Көп аңыз көлге батып жойылғандай,
Көп заман келе жатыр ой ұға алмай.
Көз жасы сұлулардың көп тамған соң,
Аты оның Сұлукөл деп қойылғандай.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлукөл өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сұлукөл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлукөл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлукөл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері