Бұл бетте «Тектілік туралы» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұрпақтың тектілігі –
Әйелдің жатарында.
Баламның бектілігі –
Әкенің ақылында.
Заманның зары мынау –
Ірі едік, майдаландық.
Сөз ұғар ақыным-ау,
Қазақтар қайда қалдық?
Жігіттер мігіт болды,
Жоқ, мінез, шымырлық та.
Тектілік ұмыт болды,
Епті боп туылдық па?
Тарихтың таңбасындай,
Ұлдардың ұнтағы едік.
Жақсының жалғасындай,
Заты әйел ұрпағы едік.
Өктемдік өрлігі жоқ,
Аяймын жігітті кей.
Еркектік ерлігі жоқ,
Ол жайлы үмітті үрей...
Тіріліп батыр бабам,
Көрсең ғой мына жайды.
Жігерсіз жатыр ғалам,
Жүрегі жыламайды...
Ей, қайран қасиетім,
Тірілші, өлеңдерде!
Еркекке бас иетін,
Азайды-ау, әйелдерде...
...Ұрпақтың тектілігі –
Әйелдің жатырында!
Баланың бектілгі –
Әкенің ақылнда!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі