Біз, әйелдер
Бұл бетте «Біз, әйелдер» атты Динара Мәлікова жазған әйел туралы өлең берілген.
Біз, әйелдер,
Сүйілуге жаралдық,
Сүйілуден қашамыз.
Кірпияздау боп алдық,
Келесісін тосамыз!
Біліп тұрып, білмейміз,
Азаптаймыз жанды құр.
Сүйіп тұрып, сүймейміз,
Өтіп жатыр бал-ғұмыр.
Күтеміз-ау, асқақтық,
Жығылса деп тұрамыз.
Сөйтіп талай бас тарттық,
...Сұлулардан сұраңыз!
Гүл сыйласа жайнайсың,
Қызғанасың бақылап.
Бұрымыңа байлайсың,
Құшағында жатып ап.
Жалт еткенге елеңдер,
Жанарың от сезесің.
Жоғалта алмас әйелдер,
Әлемінің егесін!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі