Бұл бетте «Жабырқап қалған жанымды» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жабырқап қалған жанымды,
жадыратып кетсең қайтеді?
Сұрап бір қойсаң хәлімді,
Көңілім күйін шертеді.
Жаныңда жүріп сағынам,
Үйреніп қалдық жақын боп.
Жырақтап кетсең неғылам?
«Кетпеші» деуге қақым жоқ.
Ернімде қалып елесің,
Сені ойлап күндер өткердім.
Мен жаққа қашан келесің,
Жұпарын жұтып көктемнің.
«Күнім» деп тұрып мұңайдың,
Тағдырдан сені тауыппын.
күлімдеп тұрып жылаймын,
Сүйісем деп сүйіп қалыппын.
Жүректің жырын қозғапсың,
«Кетем» деп бір күн келмеші,
Түндерден сәлем жолдапсың,
Жеткізді Айдың сәулесі.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі