Бұл бетте «Мен сені сеземін жүрекпен» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені сеземін жүрекпен,
Біздерді қоспай-ақ бір еткен.
Жайыңды айтқызбай білемін,
Сағыныш сені де жүдеткен.
Мен сені сеземін алыстан,
Бақылап жүрмей-ақ ғарыштан.
Күйіңді көзсіз де көре алам,
Ып-ыстық сезіммен алысқан.
Мен сені сеземін жақыннан,
Таң болып талай рет шақырғам.
Ал енді, сен сағын, мен құсап,
Адасып көр сен де ақылдан.
Мен сені ойлауды доғардым,
Аспаннан адасып оралдым.
Көзіңді ұқсатпай ешкімге,
Өзіңді күтпейтін боп алдым.
Ал, енді сен қайтер екенсің?
Бейтаныс жандардай бөтенсің.
Соңғы рет сағынып отырмын,
Соңғы рет көрінер ме екенсің?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі