Кімді сүйдім, дәл осылай белгісіз –
Динара Мәлікова
Бұл бетте «Кімді сүйдім, дәл осылай белгісіз» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кімді сүйдім, дәл осылай белгісіз,
Саған деген сағынышым сенгісіз.
Кімді күттім, дәл осылай зарығып,
Мекенімнен, мезгіл-айдан жаңылып.
Кімге осылай еркінсідім, еркелеп,
Неге біздер жолықпадық ертерек?
Саған ғана арналған ба iңкәрiм?
Мойынымнан шешiлмейді алқа-мұң.
Саған ғана жете алмайтын жан екем,
Екеуміздің таразымыз ар екен.
Екеуміз де екi үйдiң тiрегi,
Жүрегiмiз бiзсiз өмiр сүреді.
Тағдыр-Ана, түсін мейлi түсінбе,
Оны сүйген, бар қылмысым ішімде.
...Өлең оқып отырамын ақ қарға,
Сағынышты сиғыза алмай хаттарға...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі