Соқыр

Бұл бетте «Соқыр» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2820
Тыпырлап туғанына ол анадан,
Алпыстай асып кеткен жылдар одан.
Толтырып көз жанарын табиғатқа,
Туғанда тұңғыш, ақтық бір қараған.
Күн көзі енді оған жабылардай,
Өксіген өтетіндей бағы жанбай.
Келбетін көкірегіне орнатқалы,
Қараған көкке, жерге дамыл алмай.
Содан соң көзі кеткен қорасаннан,
Дүние жарық күнін жаба салған.
Көр ауыл ойламаған емдетуді,
Әуелден етті ғой деп қор жасаған.
Екі көз ұйқысынан оянбаған,
Тек қана көкірегі ояу қалған.
Ұмытпай естігенін еске сақтап,
Елінің шежіресін баяндаған.
Бұлақтай көзі ашылған кеудесінен,
Бір сәуле саңылау тапқан зердесінен.
Сыпылдап саусақтары ойнай берген,
Айрылмай домбыраның пернесінен.
Келмейтін өнер де жоқ екі қолдан,
Ауылдың көзі менен көркі болған.
Жалғыз-ақ жарық күнді бір көре алмай
Келеді көкірегінде дертіп арман.
Өмірдің алпыс жылын алып ұрып,
Келеді ол жер бетінде әлі жүріп.
Жоқ болған туа сала бұла дала,
Көрінбей келеді әлі сағындырып.
Түсетін жанар оты көш жыраққа,
Шіркін-ай, не жетеді қосшыраққа.
Айнала жапан дала жаңғырғанда,
Арманы — бір қараса осы шаққа.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соқыр өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Соқыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соқыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соқыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері