Бұл бетте «Мен сүйсем, сүйемін өртеніп» атты Динара Мәлікова жазған махаббат туралы өлең берілген.
Мен сүйсем, сүйемін өртеніп,
Кірпігің ішінен гүл теріп.
Жастығым жиылмай күтемін,
Сенбесең көзіңмен көр келіп!
Мен сүйсем, сүйемін сағынып,
Күдіктен, қайғыдан арылып.
Ернімді ерніңе қондырып,
Жолыңды күтемін зарығып.
Кейбіреу жүрсе де сөз қылып,
Көзіңде тұрамын үздігіп.
Мен құшсам, жанымды жаямын,
Әйелдің әлемін сездіріп!
Қайтемін жаратса от қылып,
Жалғандық бойыма-жат қылық.
Мен сүйсем сүюді үйретем,
Ләззаттың бағасын ұқтырып!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі