Түн түрткілеп оятады, ақырын
Бұл бетте «Түн түрткілеп оятады, ақырын» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түн түрткілеп оятады, ақырын,
Ысырамын көрпемді.
Жетер емес, жетер емес ақылым,
...Тәнім неге өртенді?
Тынығын-ай, тымығын-ай даланың,
Өз деміме тұншығамын, масқара!
Анарымды Айға төсеп барамын,
Сүйгізбеген басқаға!
Жалғыз екем, жалғыз екем шынында,
Түн ием-ау, сабырыма табыстыр!
Сүрініп кеп сымбатыма тығылма,
...Жүрегімнен алыс тұр.
...Ал, таңертең мүлдем басқа бөтенмін,
Өзім қаппын шашылып.
Қиялыма сия алмаған екенмін,
...Көрпем жатыр ашылып...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі