Ерлігім болсын ер үшін – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Ерлігім болсын ер үшін» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ерлігім болсын ер үшін,
Күтуге берші келісім.
Өкпешіл мынау өмірдің,
Жаба алмай жүрмін есігін.
Шашырап тұрса шұғылаң,
Тасаңда тұрып жылынам.
Арманнан қысқа ғұмырда,
Адасып қалдым...неғылам?
Ақ таңдар берген әр үміт,
Жанарда сөнді зарығып.
Сен болып өлең жазайын,
Мен болып көрші сағынып.
Алсам да жиі есіме,
Оралмай қойдың түсіме...
Бейнеңді алғам көшіріп,
Қап-қара көздің ішіне.
Жабығып сенде жүрсің бе,
Сабырға сезім көнсін бе?
Қиялға құрбан болайын,
“Күтемін” десем күрсінбе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері