Жауар күн жақын сияқты

Бұл бетте «Жауар күн жақын сияқты» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2203
Жел сайрандап далада,
Үрлейді құмда қияқты.
Жас иіс бар ауада,
Жауар күн жақын сияқты.
Биіктен бұлттар тізіле,
Құлдырап төмен құлапты.
Жалын бар көктің жүзінде,
Жауар күн жақын сияқты.
Қағазға ақын төнеді,
Көңілден көлдей күй ақты.
Өлеңнің бұлты келеді,
Жауар жыр жақын сияқты.
1957
* * *
Түсті жерге ақ моншақтар,
Үзіліп бұлт қанатынан.
Жауқазындар, сарғалдақтар,
Жас баладай жаңа туған.
Айналып жас гүл әлемді,
Көңіл көкте жүр кептердей.
Аспанда алтын легенді,
Әлдекімдер сүйреткендей.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауар күн жақын сияқты өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жауар күн жақын сияқты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауар күн жақын сияқты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауар күн жақын сияқты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері