Келіп тұр даусыңды естігім
Бұл бетте «Келіп тұр даусыңды естігім» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келіп тұр даусыңды естігім,
Сағыныш меңдейді кешқұрым.
Тұтқаны көтеріп дей салшы,
«Сөйлесе алмаймын кеш, күнім...»
Даусыңның дірілін сезініп,
Деміңде кетейін үзіліп.
Аспанның аңсары адассын,
Жұлдыздың жанары көз іліп.
Хат жазғым келіп тұр қамығып,
Бір бөлме барады тарылып.
«Сүйем» деп сөз жазсам сескенбей,
Жүр деме есінен жаңылып.
Уақыт та ұйқыда...түнжарым...
Білсем де жаныңда кім барын.
Тып-тыныш әлемді жылытып,
Келіп тұр даусыңды тыңдағым...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі