Мен сенсіз-жартымын,
Өксікке тығылып алқымым.
Құшағыңда егілгім келіп тұр,
Езгілеп барады жарты-мұң.
Мен сенсіз-басқамын,
Төбемнен түнеріп аспаным.
Ол менің жанымды жұбатпақ,
Сездірмей көзінде жас барын.
Төгілтіп жауса-шы нөсері,
Жылынсын қара жер төсегі.
Аспанмен астасып арманым,
Кеудемнен шаттығым көшеді...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі