Көз ұшына шыбын-жаным ілініп – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Көз ұшына шыбын-жаным ілініп» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көз ұшына шыбын-жаным ілініп,
Сөз ішіне қайта келдім тіріліп.
Сенің ғана сағынышың сыздатты-ау,
Менің ғана жалғыздығым білініп.
Елдесің бе, жердесің бе таппадым,
(Жалғыз ғана таға алмадым, Хаққа мін.)
Адамдар-ау армандары аяулы,
Жанарымда ол біледі от барын.
Күздесің бе, гүлдесің бе білмейін,
Дауысыңда дем боп шығып бүрлейін.
Ең әдемі сөздеріңмен алдап кет,
Шындығыңды іздеп өмір сүрмейін!
Бақытсыздық үйіріліп күлкіме,
Не десең де сене берем, сертіңе!
Өмір шіркін, қанатымен байлап ап,


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері