Гүлдерден нәр алсын көңілсіз, өкпелі – Манарбек Қарекенов

Бұл бетте «Гүлдерден нәр алсын көңілсіз, өкпелі» атты Манарбек Қарекенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Гүлде де ақыл бар, сезім бар, төзім бар,
Ән салса көбелек билейді, сөйлесе сөзі бал.
Қылтиып шыққанда қара жер суарған,
Ақтарған жан сырын жанардан ұғып ал.

Гүлдердің әлемі көктем ғой мәңгілік,
Шаттанып шығады мұңайған жан күліп.
Әтірі жер бетін жұпармен көмкерген,
Ауаны сүзеді, шаңды да нәрлі қып.

Әр жазда өсетін орны бар сайлаулы,
Көз тартар түр-түсі - бақтары байлаулы.
Ерке гүл, періште ай-күнге ұшар ед(і),
Әттең-ай тамыры Отанға байлаулы.

Көз тимес пенденің, көз тоймас ғазалым,
Күлтеңе жырымды шумақтап жазамын.
Күзгі жел ұшырсын уақыты келгенде,
Сенің де, менің де іске асып арманым.

Гүлдерден нәр алсын көңілсіз, өкпелі,
Ғаламдық әр сауал ше­шімді, өтпелі.
Тамыры кезікпес шоғайна, тікеннің,
Арамшөпті ұнатпас ад­ал гүл мекені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері